Наурыз айының соңына дейін  EXPO-2017 көрмесіне қатысатын 115 елдің павильонының құрылысы толық аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Наурыз айының соңына дейін  EXPO-2017 көрмесіне қатысатын 115 елдің павильонының құрылысы толық аяқталады

17.03.2017

Бұл туралы бүгін журналистерге «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының халықаралық қатысушылармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Илья Оразақов мəлім етті. «Көрмеге қатысатын елдердің ішінде 103-інің павильоны тапсырылды. Ал, қалған 12 елдің павильоны тапсыруға дайын тұр», дейді ол.

Айта кетейік, бүгін EXPO компаниясында Қытай мен Австрия елдерінің павильондарының соңғы құрылыс жұмыстары пысықталды.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу