Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының павильоны балаларға ерекше сый жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының павильоны балаларға ерекше сый жасады

28.08.2017

«ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының павильоны елордалық балаларға ерекше сый жасады. Әлеуметтік тұрмысы төмен, ата-ана қамқорлығынан айырылған 100-ден астам бала халықаралық шараны тегін тамашалауға мүмкіндік алды. «Мектепке жол» акциясы аясындағы бастама балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Олар алдымен қазақстандық «Нұр Әлем» павильонында болды. Содан кейін халықаралық ұйымның «Шанхай рухының энергиясы» тақырыбында ұйымдастырылған павильонына келді. Сондай-ақ, ұйымның ұлттық күніне орайластырылған концерттік шараны тамашалады. Концертте Қытайдың танымал Пекин жасөспірімдер оркестрі өнер көрсетті.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу