1 маусымда Астанада «Open air»  шоу-концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 маусымда Астанада «Open air»  шоу-концерті өтеді

23.05.2017
1 маусымда Астанада «Open air»  шоу-концерті өтеді

1 маусымда Астанадағы «Қазақ елі» алаңында EXPO-2017 халықаралық көрмесінің ашылуы қарсаңында «Open air»  шоу-концерті өтеді. Кешті Тұрсынбек Қабатов, Мәдина Сәдуақасова және ресейлік өкілдер LOBODA мен Алексей Воробьев жүргізеді.

Музыкалық  шараға қазақстандық әншілерден Айқын, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Әли Оқапов, Ғалымжан Молданазар, Бейбіт Көшқалиев, Ринат Малцагов, Жанар Дұғалова, Мөлдір Әуелбекова, Артур Төлепов және «Орда», «Формат», «Музарт live», «Ninety one», «Аюми», «Асыл»,топтары қатысады.

Кеште сондай-ақ, Глюкоза, Анна Семенович, Макс Барских, МОТ, Натан, Миша Марвин, Кристина Си, Джиган, Артик пен Асти, «ВиаГра», «Пицца», «Винтаж», «Mband», Ольга Бузова, Таня Терешина, Alekseev сынды ресейлік әншілер өнер көрсетеді.

Концерт алдында қазақстандық және шетелдік өнерпаздар Астанадағы балалар үйі мен емханаларды аралап, іс-шаралар өткізеді.

Концертке кіру тегін. Айта кету керек, «Open Air» шарасы Астанада осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

Хабарламаларға жазылу