«МУЗ-ТВ» сыйлығын тапсыру рәсімі «Астана Арена» стадионында өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«МУЗ-ТВ» сыйлығын тапсыру рәсімі «Астана Арена» стадионында өтеді

19.02.2015
«МУЗ-ТВ» сыйлығын тапсыру рәсімі «Астана Арена» стадионында өтеді

«МУЗ-ТВ» сыйлығы тұңғыш эфирге шыққалы бергі 13 жыл ішінде алғаш рет Астанада өткелі отыр. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы Қазақстан Республикасы аумағында «МУЗ-ТВ-2015. Гравитация» дәстүрлі сыйлығын тапсыру рәсімін тікелей эфирде көрсетеді. Музыкалық кеш елорданың ең үлкен алаңдарының бірі – 35 000 адам сиятын «Астана Арена» стадионында өтеді.

Бұл туралы бүгін «ҚазМедиа орталығында» өткен баспасөз мәслихатында  «МУЗ-ТВ» арнасының Бас директоры Арман Дәулетияров хабарлады.

Сондай-ақ, биыл аталымдар саны да артады. Әдеттегі 11 аталымның орнына 14  жүлде тағайындалмақ. Енді «Үздік әйел бейнесі», «Үздік ер адам бейнесі» және «Үздік шетел тіліндегі ән» аталымдары үшін де дауыс беруге болады.

Сонымен қатар, осы жолғы рәсімнің Астанада өткізілуіне орай «МУЗ-ТВ» телеарнасы «Қазақстанның Үздік жыл әртісі» арнайы жүлдесін жариялауға шешім қабылдады. 

«МУЗ-ТВ» арнасының Бас директоры Арман Дәулетияровтың айтуынша, «МУЗ-ТВ 2015. Гравитация» сыйлығының Астанада 5-ші маусымда өтуі кездейсоқ емес.

«Қазақстан – Орталық-Азия аймағындағы көшбасшы деп танылған, Ресейдің ірі көршісі, бейбітшілік пен жасампаздықтың елі. Әйгілі қазақ топырағының елордасы – Астана бүгінде Азияның інжу-маржаны болған, өз еркіндегі барлық адамдарды өзіне тартатын Шығыстың табысты инновациялық орталығы болған қала.

Елорданың және бүкіл елдің өркендеуі – аса құрметті Елбасы Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген еңбегі. Ол тек Қазақстанда ғана емес, оның шегінен тыс жерде де құрметті және сыйлы аңыз-адам. Мен үшін ол – беделді, құрметті адамның үлгісі, мен оған ұзақ ғұмыр және Қазақстанның игілігі үшін атқаратын жұмыстарда табыс тілеймін. «МУЗ-ТВ 2015» Сыйлығының салтанатты тапсыру рәсімін Қазақстанда өткізе отырып, біз ізгілік пен достықтың жолына тағы да бір маңызды қадам жасаймыз»,-дейді ол.

Айта кету керек, 4 маусым күні Астанада отандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Open Air» кең ауқымды музыкалық шарасы өткізіледі. Оны да «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

«МУЗ-ТВ 2015. Гравитация» сыйлығының номинанттарына дауыс беру жүйесі екі кезеңмен өтеді. Бірінші кезеңде 14 санаттағы номинанттардың бестігін сараптамалық дауыс беру арқылы анықтайтын болады.

Екінші кезеңде «МУЗ-ТВ» арнасының көрермендерімен қатар сыйлықтың академиктері де әрбір аталым бойынша жеңімпаздарды анықтау үшін дауыс беруге қатысады.

Сарапшылар мен академиктер ретінде музыкалық индустрия мен шоу-бизнестің қайраткерлері қатысады. Жеңімпаздар 5-ші маусымда жарияланатын болады. 

Шараны осы жылы Максим Галкин, Лера Кудрявцева, Ксения Собчак жүргізеді. Төртінші жүргізушінің есімі дәстүр бойынша «МУЗ-ТВ» сыйлығының наурыз айында белгілі болады.

Іс-шараның жаңа қоюшы-режиссері Максим Пасюк. Ол «Алла Пугачевамен рождестводағы кездесу», Филипп Киркоровтың Кремльдегі «Другой» атты шоуы, Максим Галкиннің үлкен жеке концерті, «Жұлдыздар фабрикасы - 2», «Жұлдыздар фабрикасы - 3», «Фабрика. Суперфинал»,  «Танцы со звездами» жобалары арқылы танымал режиссер.

Хабарламаларға жазылу