«ЭКСПО-2017» көрмесіне билеттер сатылымға шыққаннан бері жүздеген данасы мәжбүрлі түрде сатылған. Яғни, мемлекеттік қызметкерлерден билеттерді сатып алу талап етіліп, міндеттелген. Бұл туралы бүгін «ЭКСПО-2017»-нің қоғам мен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Сергей Куянов мәлімдеді. Оның айтуынша, халықтан «ЭКСПО-2017»-нің мекен-жайына билеттерді мәжбүрлеп сатып алу туралы жүздеген арыз-шағым түскен. Сол ақпараттардың жартысынан көбі расталған.
Азамат НҰҒЫМАНОВ