EXPO-2017 көрмесіне билеттер сату басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017 көрмесіне билеттер сату басталды

13.06.2016
EXPO-2017 көрмесіне билеттер сату басталды

10 маусымда EXPO-2017 көрмесіне билеттер сату басталды.

Астана қаласында  EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрменің басталуына дейін тура бір жыл қалғанда көрменің ресми сайты tickets.expo2017astana.com.-да электрондық билеттерді сату басталды.

10 маусым күні сатып алушыларға билеттердің құны әр түрлі бірнеше түрі қолжетімді болды - бұл жұмыс және демалыс күндеріндегі ашық және жабық датасы бар билеттер.

Билеттің әрбір типі тек бағасымен емес, Көрмеге барудың белгілі бір талаптарымен ерекшеленеді. Осылайша, жұмыс немесе демалыс күнгі жабық датамен сатылған билет Көрмеге тек билетте аталған күні ғана баруға мүмкіндік береді. Ашық дата қойылған билет Көрмеге кез келген күні («жұмыс» немесе «демалыс» күні билетте көрсетіледі) баруға мүмкіндік беріп отыр - ол үшін келушілер Көрмеге баратынын Жеке кабинетте немесе Көрмеге барар алдында кассада растауы тиіс.

Хабарламаларға жазылу