Оңтүстік Кореяда оқитын қазақстандық студенттер «EXPO-2017» халықаралық көрмесін жарнамалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда оқитын қазақстандық студенттер «EXPO-2017» халықаралық көрмесін жарнамалады

12.10.2015
Оңтүстік Кореяда оқитын қазақстандық студенттер «EXPO-2017» халықаралық көрмесін жарнамалады

«12 адамнан тұратын қазақстандық жастар велосипед командасы 2015 жылдың 7 қазанында Сеулден шығып, Соннам, Сувон, Осан, Чонан қалаларына тоқтап, Сэджон әкімшілік орталығы арқылы Оңтүстік Кореяның технологиялық бас қаласы Тэджонға жетіп, 9 қазан күні Сеулге қайтып келді», - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

 Іс-шараның басты мақсаты – Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін «EXPO-2017» халықаралық көрмесін ілгерілету. Қазақстандық студентер өз үлгілерімен адамның мүмкіндіктерін және қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығын көрсетті.

Хабарламаларға жазылу