«EXPOLOTTO 36-ның ішіндегі 5-еу» ойынында Астана тұрғыны 11 миллион теңгеден астам соманы, Алматы тұрғыны 1,6 миллион теңге ұтып алды.
EXPOLOTTO ұлттық лотереясы – мемлекеттік міндеттерді көздейтін ұлттық ауқымдағы тұңғыш лотерея жобасы.
Мақсат - көрмені дәріптеу, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерін арттыру арқылы коммерциялауды көтеру, елімізде лотерея нарығын дамыту.
Одан түскен қаражат EXPO-2017 павильондар құрылысына және осы көрмені ұйымдастырумен байланысты басқа да мақсаттарға жұмсалмақ.
Ұйымдастырушы - «Астана ЭКСПО-2017 Ұлттық лотереясы» ЖШС.
Лотереялық ұтыстарды өткізудің ашықтығын және оған бақылау жүргізуді «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы қамтамасыз етеді.
EXPO-ны қолдау мақсатында мұндай лотереялар 2008 жылы Сарогос қаласында (Испания), 2010 жылы Шанхайда (ҚХР) өткізілген. Сондай-ақ, 2015 жылы Милан қаласында (Италия) өтетін Дүниежүзілік көрменің тіркеу құжаттамасында мәлімделген.
expo2017astana.com