Елімізде екі жылдан бері австралиялық «BizTech» халықаралық компаниясы жұмыс істеуде. Олар ұлттық кәсіпорын, банк, жоғары оқу орындары, авиакомпания, квазимемлекеттік ұйымдарға цифрлы технологияның әдіс-тәсілін үйретіп жатыр. Сандық жүйені енгізіп қана қоймай, оны талдау-сараптау, тұтынушыға не керек екенін зерттеуді де меңгертеді. Компания Канада, Австралия, Ресей, Қазақстанда 40-тан астам ірі мекемеге көмектесіп, серіктес болған.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.