Үздік IT мамандар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үздік IT мамандар марапатталды

10.11.2022

Бүгін - цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні. Мерекеге орай саланың дамуына үлес қосқан мамандарға «Үздік цифрландырушы» төс белгісі табыс етілді. Бұл өз саласын жетік білетін қызметкерлерге берілген алғашқы ведомстволық марапат. Жиналғандар өткенге көз жүгіртіп, мемлекеттік сектордың сандық жүйеге көшу кезеңдерін еске түсірді. Күрделі саланың қазіргі жетістіктеріне кеңінен тоқталды.

Нұрлан Исин, Қазақстандық IT компаниялар қауымдастығының президенті:

Банк жүйесі Ұлттық банк ең басында жергілікті қамтуға негізделген. Өздері жасап, төлеу жүйесі жасалып, сөйтіп, дамып кетті. Оны айтуға болатын мәселе қалай жасауға болатынын 1993 жылы біз Ұлттық банктен Жапонияға барып, тәжірибесін алып келдік. Содан кейін ақпараттандыру бізде жаңадан басталды.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу