Петропавлда арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті

22.04.2022

«Amanat» өңірлердегі жобаларды іске асыру үшін партиялық жарнаның 20 пайызын қайтару тәжірибесін бастады. Бұл бойынша партия мүшелері алғашқы іс-шараларын өткізіп те үлгерді. Алматы облысында «Бақытты отбасы» жобасы аясында көпбалалы 5 отбасына азық-түлік табыс етілсе, Петропавлда арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Қайтарылған қаражатқа қажетті құрал-жабдықтар, сыйлық пен грамоталар сатып алынды. Бұл тәжірибе демеушінің көмегінсіз партия жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді, дейді ұйымдастырушылар. 

Хабарламаларға жазылу