Украинада Президент сайлауы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада Президент сайлауы өтіп жатыр

31.03.2019

Ел азаматтары Киев уақытымен таңғы сағат 8:00-ден дауыс бере бастады. 30 мың сайлау учаскесі кешкі сағат 20:00-ге дейін істейді.

Орталық сайлау комиссиясы президенттіктен үміткер 39 азаматты тіркеген. Негізі, бұл – бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткіш. Сауалнама қорытындыларына қарағанда, комедия актері, шоумен Владимир Зеленский осы 39-дың ішінде көш бастап тұр. Алайда, бүгін бірде-бір үміткер 50 пайыздан артық дауыс жинай алмайды деген болжам да бар. Сондықтан алдағы айда сайлаудың екінші туры өтуі мүмкін. Украинадағы жетінші рет өтіп жатқан президент сайлауы туралы Арыстан Рысбек баяндайды.

Хабарламаларға жазылу