Мемлекеттік мекемелердің сіз бен біз біле бермейтін екі машақаты бар. Бұл жылдың соңында алдағы жылға қаржыға тапсырыс беру және сол қаржыны уақытында игеру. Бұл екі шаруа мемлекеттік бағдарлама қабылдап, оны жүзеге асырудан да қиын деп өздері әзілдеп жатады. Шынында да, Үкіметтің жартыжылдық, жылды қорытындылау жиындары тап осы қазына қаржысын игеру тақырыбына арналады. Тұтас республикада болсын, облыста, мейлі ауданда болсын, әкімдердің қаржы игерілмеді деп шыр-пыр болып, бір-бірімен қызылкеңірдек болып, жиналыс өткізіп жатқанын жиі естиміз. «Бюджет жыры» аталып кекен бұл мәселе биыл да жалғасын тапты. Үкіметтің осы аптадағы дәстүрлі отырысында күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі бюджеттің игерілуі болды. Белгілісі, орталық органдар мен өңірлер 100 миллиардтан артық ақшаны игермеген. Яғни, біздің құндызжағалы атқамінерлер былтыр осыншама қаржы керек деп сұратып, сол қаржыны ақырына жарата алмай отыр.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.