Атырау «сары» аймаққа қайта оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау «сары» аймаққа қайта оралды

26.02.2021

Атырау өңірі коронавирус жұқтырғандар санының тәуліктік өсіміне байланысты «сары» аймаққа қайта өтті. Індетке шалдыққан 49 адамның 39-ы Теңіз кенішінің жұмысшылары. Қазір инфекциялық стационарда 242 адам ем алып жатыр

Ал «сары» аймақтағы Павлодар облысында карантиндік шектеулер жеңілдеді. Театрлар мен кинотеатрларға 20% жүктемемен жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сондай-ақ музейлер мен кітапханалар да келушілерді қабылдай алады. Ал караоке-клубтар мен батуттардың, ойын орталықтары мен букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынады.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу