1 наурыз - Алғыс айту күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 наурыз - Алғыс айту күні

01.03.2022

1 наурыз – Алғыс айту күні! Айтулы күнге орай «Qazaqstan» Ұлттық арнасының эфирінде телемарафон басталды. Мерекелік телекөпір тікелей эфирде күні бойы өтеді. Ұлттық арна тілшілері Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласындағы студиялардан, аймақтардан тікелей қосылып, қоғамдағы қызметі арқылы көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген қазақстандықтар туралы танымдық дүниелерді таратады. Қаңтар оқиғасы кезінде халыққа ерікті түрде көмектескен азаматтармен сұхбат құрады. Сондай-ақ, Украинадан арнайы рейспен елге оралған азаматтар бейне байланысқа шығып, ахуалды баяндайды. Бұл шараға көрермендер де атсалыса алады. 

Хабарламаларға жазылу