Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян Қазақстанда жасалып жатқан саяси реформаларға жоғары баға берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян Қазақстанда жасалып жатқан саяси реформаларға жоғары баға берді

29.10.2017

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы дипломатиялық әріптестікті жоғары бағалап, болашақ жоспарларды бекітті.

Қазақстан мен Әмірліктер арасында мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы мен атом өндірісі салаларында біріккен жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің ислам мемлекеттері арасында жоғарғы технология бойынша көш бастап тұрғанын атап өтті. Өз кезегінде тақ мұрагері Қазақстанда жасалып жатқан саяси реформаларға жоғары баға беріп, екі елдің мызғымас достығы нығая түсеріне сенім білдірді. 

Дулат ЖЕКСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу