Осы аптада Астанада қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының басын біріктірген медиа апталық өтті. Үш күн бойы осы саланың өзекті мәселелері талқыланып, қазақстандық медиа кеңістіктің даму перспективалары қарастырылды. Түрлі болжамдар жасалды.
Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылған іс-шара аясында отандық және шетелдік эксперттердің қатысуымен ауқымды форум өтті. Жас мамандарға арналған шеберлік сағаттары, түрлі семинарлар ұйымдастырылды. Медиа өнімнің жәрмеңкесі болды.
Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен жиналған 150-ден астам компания қатысты.
Медиа апталықта баспасөз қызметкерлері де назарсыз қалмады. Билік пен журналистердің арасын байланыстырып жүретін баспасөз хатшылары алғаш рет сый-марапатқа ие болды. Ал, БАҚ-тың бағын ашуға бағытталған ауқымды шара енді жыл сайын өткізіліп тұратын болды.
Альбина ӘШІМ