«Astana Media Week» медиаапталығы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Media Week» медиаапталығы басталды

04.10.2017
«Astana Media Week» медиаапталығы басталды

Бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында «Astana Media Week» қазақстандық медиаапталығы басталды. 4-6 қазан аралығында өтетін шара Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы - Қазақстанның рухани жаңғыруының негізгі басымдықтарын орындау мақсатында елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

«Astana Media Week-2017» негізгі мақсаты - отандық медиа сфераны дамыту және өңірлік деңгейде индустриядағы іскерлік қатынастарды ілгерілету», - деп жазған болатын Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев аталған шара туралы.

«Astana Media Week» бағдарламасына сәйкес, бірінші күні медиа-контентке тапсырыс берушілердің, ірі телевизиялық және радио-компаниялар, сонымен қатар өндірістің жеке нарығы өкілдері: продакшн-студиялардың, творчестволық ұжымдардың, продюсерлік орталықтардың, ақпарат, медиа-сауық, музыка және кино салаларындағы авторлық жобалардың арасында пәрменді диалогтық алаң құруға арналмақ.

Медиааптаның екінші күні «Astana Digital Forum» деген жалпы атаумен өтетін болады. Оның ұйымдастырушысы Қазақстанның жетекші медиа-компанияларының бірі «Select Communication Group» болып табылады.

Форум кең спектрлі мәселелер бойынша - сандық маркетинг құралдарынан бастап криптовалюта нарығын шолуға дейін пікір алмасу мүмкіндігімен - халықаралық деңгейдегі спикерлердің сөз сөйлеуіне арналады.

«Astana Media Week» үшінші күнінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұлттық БАҚ баспа нарығының дамуының ең өткір мәселелерін, жаңа конвергентті формаларға өту кезіндегі қиындықтар мен мүмкіндіктерді талқылау мақсатында Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарының өңірлік форумын өткізеді.

 

Хабарламаларға жазылу