«Astana Media Week» апталығы аясында Өңірлік БАҚ форумы өтуде (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Media Week» апталығы аясында Өңірлік БАҚ форумы өтуде (ФОТО)

06.10.2017
«Astana Media Week» апталығы аясында Өңірлік БАҚ форумы өтуде (ФОТО)

Астанадағы «Қазмедиа» орталығында «Astana Media Week» апталығы аясында  Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының форумы өтіп жатыр.

«Жалпы, қоғамдағы өзгерістерге сай көзқарас қалыптастыруда аймақтық медианың атқарар рөлі маңызды. Осы орайда қазіргі аймақтық ақпарат құралдарының алдында үлкен мақсат-міндеттер тұр. Ол - Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси-экономикалық және руxани жаңғыру жөніндегі кешенді реформаларға жұртшылықты жұмылдыру», - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев форумның ашылуында.

Министрдің айтуынша, өткен жылғы форумды аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан бірқатар мәселелер көтерілген болатын. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі аталған ұсыныстардың бәрін зерделеп, өңірлік медианың сапасын арттыру бойынша тиісті шараларды атқарып шықты.

Атап айтқанда, Аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының альянсы құрылды. Бұдан бөлек, мемлекеттік тапсырыс аясында жасалған өнімдерді өңірлік арналарға тарату мәселесі шешілді. Қазпошта арқылы баспасөзді дамыту шаралары қолға алынды.

«Отандық масс-медианы заңнамалық тұрғыда қолдау мәселесі де қарастырылды. Бүгінде министрлік даярлаған заң жобасы Мәжілісте талқылануда. Өз кезегінде Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өңірлік масс-медианың сапасын арттыруға арналған кез келген бастаманы қолдауға әзір», - деп атап көрсетті Дәурен Әскербекұлы.

Айта кетейік, Өңірлік БАҚ форумы «Astana Media Week» апталығы аясында өтуде. 

Күні кеше «Astana Digital Forum» да ұйымдастырылды. 


 

 

Хабарламаларға жазылу