Еліміз үшін тың сала, жаңа бағыт - экологиялық туризм дамып келеді. Шығыс Қазақстан облысына былтырдан бері шетелдік туристер көп келе бастады. Табиғаты бай, әрі алуан түрлі шығыстың тау-шатқалы, өзен-көлі, жабайы аң-құсы экологиялық туризмді дамытуға таптырмас жер болып тұр. Зайсан ауданында кәсіпкерлер тау арасына демалыс үйін салып, бизнестің осындай жаңа түрін өркендетіп отыр.
Айнұр ОМАР