Португалия – индустриалды-аграрлы ел - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Португалия – индустриалды-аграрлы ел

11.07.2015
Португалия – индустриалды-аграрлы ел

Туризм саласындада тындырымды тірлік көп. Мемлекет тігін, тоқыма өнеркәсібі өнімдерін сату арқылы да сырттан капитал тартып отыр.

Билік әсіресе, металл өңдеу, химия, балық консервілеу, шарап жасау салаларын дамытуға басымдық берген. Соңғы жылдары кеме жасау және жөндеу өндірісі де қолға алынып келеді.

Мемлекеттің жалпы ішкі өнімі 240 миллиард долларға тең. Негізгі сауда серіктестері Ұлыбритания, Германия, Франция және Италия мемлекеттері.

Хабарламаларға жазылу