Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік байланыс артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік байланыс артып келеді

03.07.2015
Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік байланыс артып келеді

Ұлттық арна көрермендерін әлемдегі дамыған 30 елдің экономикасы және олардың Қазақстанмен байланысы туралы ақпараттандыруды жалғастырады.

Италия - әлемдегі ең мықты дамыған жетекші елдердің бірі.  Экономикасындағы негізгі салалары: машина жасау, тамақ, химия, тігін, металлургия.

Соңғы жылдары роботтар мен электронды жабдықтар өндірісі қарқынды дамып келеді.

Ауыл шаруашылығы да  жоғары деңгейде. Астық өнімдерінен бидай, жүгері, күріш егеді. Ол жөнінен Еуропада бірінші орында тұр.

Елде теңіз саудасы ерекше дамыған. Мемлекет аса ірі туризм орталығы ретінде де әлемге танымал. Италия мен Қазақстанның байланысы жақсы жолға қойылған. Арадағы экономикалық серіктестік жыл сайын дамып келеді.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу