Жыл қорытындысы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге жұмыс сапарымен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл қорытындысы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге жұмыс сапарымен барды

25.12.2016
Санкт-Петербургте Президент «Диаконт» зауытының жұмысымен танысты.

Алдымен, Ресейде болған ұшақ апаты жөнінде. Бүгін таңертең Сочи қаласынан ұшып шыққан ТУ-154 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақта барлығы 92 адам болған. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ресей Қорғаныс министрлігі ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Ресей Президенті Владимир Путин мен бүкіл ресейліктерге көңіл айтты.

Естеріңізге сала кетейік, ертең Ресейде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы мен Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті жиындары өтеді. Осыған орай бүгін Қазақ басшысы стратегиялық серіктес, экономикалық одақтас Ресейге жұмыс сапарымен барды.

Санкт-Петербургте Президент бүгін бір нысанның жұмысымен танысты. Ол «Диаконт» зауыты. Ерекшелігі сол – алып өнеркәсіп жоғары технологиялық құрал-жабдықтар шығарады. Автоматты басқару жүйелерін құрастырады.

Радиацияға төзімді камералар мен технологиялық құрылғыларды шығаратын зауыт әлемде екеу-ақ. Соның бірі осы. 5 жылдан бері біздің елде бұл зауыттың өнімін тұрақты тұтынып келеді. Робототехника, нақты өлшеу машиналары, басқару жүйелері және камералар адам қолы мен күші жетпейтін жұмысты тындырады.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу