Қазақстанда өндірілетін мұнайдың тең жартысына жуығы Атырау өңіріне тиесілі

15.12.2014
Қазақстанда өндірілетін мұнайдың тең жартысына жуығы Атырау өңіріне тиесілі

Табысты саланы дамытудың нәтижесінде 20 мыңға жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.

АҚШ-тың «Шеврон» компаниясымен «ғасыр келісімшарты» жасалып, бірлескен «Теңізшевройл» ЖШС құрылды. Компания алғашқы жылы 1 миллион тонна мұнай өндірсе, қазір бұл көрсеткіш жиырма есеге өсті.

Ағымдағы жылдың 11 айында 1991 жылмен салыстырғанда мұнай 8 есе, газ 18 есеге артық өндірілді.

Бұл өз кезегінде мұнай мен газ өндірудің еселеп өскендігін, өңірдің экономикасы мен халықтың әл- ауқатының артқандығын айғақтайды.

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу