Теңіз мұнай кенішінен бүгінге дейін 82 адамнан виурс анықталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңіз мұнай кенішінен бүгінге дейін 82 адамнан виурс анықталған

03.05.2020

Теңіз мұнай кенішінен бүгінге дейін 82 адамнан коронавиурс анықталған. 13 мыңнан астам адам үйлеріне қайтарылды. Жұмыс мерзімі аяқталған 4 мыңнан астамын 5 мамырға дейін үйлеріне жеткізу жоспарланған. Жергілікті билік вахталық жатақханаларда коронавирустың жаппай таралмауы үшін еліміздің шартарабынан жұмыс істеуге келгендерді өз өңірлеріне аман-есен жеткізуге күш салып жатқандарын айтады. Жалпы Қазақстанда өндірілетін мұнайдың тең жартысынан астамы Атырау облысына тиесілі. «Теңізшевройл» компаниясы болса, бұл саланың алыбы. Оның жұмысы тоқтамайды, тек кейбір құрылыс жұмыстары уақытша доғарылады. Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Теңізшевройл» мен мердігерлеріне жұмысшылардың қысқармауын, үйлеріне қайтарылғандардың жалақысының сақталуын тапсырған.


Хабарламаларға жазылу