«Аptа.kz» көтерген сойлы мәселеден соң, Айдынға тілекшілер де көбейді. Ал алқалаған жұрттың тілегін Алла қабыл етті десе болады. Осы сәрсенбінің сәтінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетовті қабылдады.
Президент Айдыннан штаттық режим бойынша халықаралық ғарыш станциясына ұшуға дайындығы жөнінде сұрады. Өз кезегінде ол барлық қажетті тесттер мен емтихандарды сәтті тапсырғанын айтты.
Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ