Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тұлғаны қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тұлғаны қабылдады

19.10.2014
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тұлғаны қабылдады

Осы аптада Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев, «Лукойл» президенті Вагит Алекперов және Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Джоомарт Оторбаев Ақордаға кіріп шықты.

Иманғали Тасмағамбетов Мемлекет басшысына елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы және инвестициялық жобалар мен негізгі мемлекеттік бағдарламалардың орындалу жайын баян қылды. Қала әкімі инвестиция, құрылыс, қызмет көрсету және сауда  саласының жақсы дамып келе жатқанын айтады.

Ал, Қуандық Бишімбаевқа Президент «Бәйтерек» холдингіне кіретін даму институттары «Самұрық-Қазына» іске асыратын трансформацияны назарға алғаны жөн және шағын және орта бизнесті қаржыландыруға мемлекет бөлген қаражат тиімді игерілуін қадағалауы тиіс, деп тапсырма берді.

«Лукойл» президенті Вагит Алекперов Қазақстандағы мұнай-газ саласын дамытуда «Лукойлдың» Каспий теңізі қайраңында іске асырып жатқан жаңа жобалары туралы айтты.

Президент пен Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Джоомарт Оторбаев Қазақстаннан Қырғыз еліне электр энергиясын жеткізу жайын талқылады. Тараптар бұдан бөлек сауда-экономика, инвестиция және отын-энергетика салаларындағы ынтымақ мәселелерін сөз етті.

Хабарламаларға жазылу