«Жұлдызай» байқауының ақтық сынына өткен 300-ге жуық бүлдіршін Астанада флешмоб өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жұлдызай» байқауының ақтық сынына өткен 300-ге жуық бүлдіршін Астанада флешмоб өткізді

31.05.2015
«Жұлдызай» байқауының ақтық сынына өткен 300-ге жуық бүлдіршін Астанада флешмоб өткізді

Жаздың алғашқы айы - ең бір жайдары мерекемен басталады. Дәл ертең -  Балаларды қорғау күні. Сіз бен біздің үйімізде құлдыраңдап жүрген құлыншақтарымыздың мерекесі. Бүлдіршіндер мейрамын тойлау басталып та кетті.

Түрлі концерттер, думандар өтіп жатыр. Әсіресе, көзі мұң, көңілі орта балаларға арналған шаралар көп. Күні кеше «Жұлдызай» байқауының ақтық сынына өткен 300-ге жуық бүлдіршін Астанаға жиналып, Елордадағы «Нұржол» бульварында флешмоб өткізді.

Оларға қала мектептерінің оқушылары да қолдау білдірді. Бейбіт елдің балалары биледі, ән де айтты. Бала шіркін, арманшыл келеді. Бірі Қастеевтей суретші болғысы келеді, енді бірі Қажымұқандай білекті палуан болсам, дейді.

Ал, Президентпен аттас Нұрсұлтан Елбасымен кездесуді армандайды. Тоғызға енді толған балғын Елбасыға арнап, кеменің суретін салыпты. «Егер Президентпен кездессем, соны тарту етемін», дейді.

Нұрсұлтан Бәли:

Мен Елбасыға арнап, қайықтың суретін салдым. Президентпен кездесуді армандаймын. Егер ол орындалса, мен  суретімді Президентке сыйлар едім. Бұл қайықпен шартарапты шарлағым келеді. Мен Президентпен аттас болғанымды мақтан тұтамын. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Себебі, біздің Президент өте мықты, мейірімді және жақсы адам.

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу