Павлодарда «Жас Барыс» турнирі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Жас Барыс» турнирі өтеді

03.11.2014
Павлодарда «Жас Барыс» турнирі өтеді

Қазақ күресінен балалар, жасөспірімдер және жастар арасында өтетін «Жас Барыс» ІІІ республикалық турнирі 2014 жылдың 5-7 қарашасында Павлодар қаласында өтеді, деп хабарлайды «Қазақстан Барысы» әлеуметтік парақшасы.

Болашақ "Қазақстан Барысы", "Еуразия Барысы" және "Әлем Барысы" дәл осындай жарыстардардан ысылып шығады. Бұл жарысқа Қазақстанның 14 облысынан және Алматы, Астана қалаларынан 400-ге жуық жас палуан қатыспақ. Іріктеу сындарын әр өңірде облыстық Қазақ күресі федерациясы мен жергілікті Дене шынықтыру және спорт басқармалары өткізді. «Жас Барыс» республикалық турнирінің ақтық сынына қатысушы балалар, жасөспірімдер мен жастар қалалық және облыстық деңгейде жеңімпаз атанған палуандар.

Турнирге қатысушылар жас ерекшеліктері бойынша үш топқа бөлініп өнер көрсетеді. «Жас Барыс» турнирі Павлодар қаласындағы «Баянтау» спорт кешенінде өтеді. Кіру тегін.
Ұйымдастырушылар – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Қазақ күресі федерациясы, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры.

Хабарламаларға жазылу