Елбасы Кәрім Мәсімовті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Кәрім Мәсімовті қабылдады

17.05.2015
Елбасы Кәрім Мәсімовті қабылдады

Сәрсенбінің сәтінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов таңсәріден Ақордаға барып, Елбасыға есеп берді. Премьер-Министр есеп-қисапқа құрылған ең негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді, миллиардтар бөлінген маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу жайын, сондай-ақ, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның не тындырып жатқаны туралы баян қылды.

Мұқият тыңдаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгідей күрделі кезде комиссияның белсенді һәм тиімді жұмыс істегені аса маңызды екенін атап өтті. Заңнамалық өзгерістер жобасының бір бөлігі Парламенттің қыркүйектегі сессиясына дейін әзір болуы тиіс. Президент мұны да ескертті.

Елбасы бұдан басқа көктемгі егіс жұмыстарын сапалы атқару, елдің әрі қарай индустриялық-инновациялық дамуын, сондай-ақ, оның негізгі экономикалық көрсеткіштерінің орнықтылығын қамтамасыз етуді міндеттеді Мәсімовке. Соңында нақты-нақты бірнеше тапсырма берді.

Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу