Президент Кәрім Мәсімовті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Кәрім Мәсімовті қабылдады

04.06.2020

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға орталық аппараттың және аймақтық бөлімшелердің басқарушы құрамы қатысты. Жиын алдында Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдары қызметкерлерін еске алуға арналған стелаға гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті орталық аппаратының 2017 жылы қайта жөндеуден өткен музейіндегі Тәуелсіздік алған сәттен бергі комитеттің даму тарихын қамтитын экспозицияны аралады. Ал отырыс барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің баяндамасын, комитеттің құрылымдық және аймақтық органдары басшыларының есебін тыңдады. Жиын соңында Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу