Көлеңкелі экономикадағы қаржы заңды айналымға енеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлеңкелі экономикадағы қаржы заңды айналымға енеді

13.04.2014
Көлеңкелі экономикадағы қаржы заңды айналымға енеді
Мемлекет басшысының отандық инвесторлар кеңесіндегі тапсырмасының дені - Үкімет пен ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүктелді. Жиында айтылған ең маңызды жаңалықтардың бірі - капиталға рақымшылық жасау.
 
Яғни, бар активіңді, ақшаңды, жиған-тергеніңді жасырмай, тықпай, бұқпай жария қылсаң болады. Бұл үшін мемлекет ешкімді жазаламайды, тек тіркеліп экономикада заңды айналымға енеді.
 
Біріншіден кәсіпкердің, қаржылының өзіне жақсы. Қысылып-қымтырылмай активін ашық көрсетеді, ақшасын еркін жұмсайды. Ал, екіншіден мемлекет экономикасына үлкен пайда. Дәл осы жерде Президент Назарбаевтың тапсырмасын тағы бір мәрте кәсіпкерлердің есіне сала кетелік.

Хабарламаларға жазылу