Барлық онлайн төлем бақылауға алынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Барлық онлайн төлем бақылауға алынбақ

13.11.2019

Картама аудара салыңызшы... Қазір дүкенде, тамақтану орындарында тіпті таксиде осы сөзді жиі естиміз. Енді Қаржы министрлігі осындай онлайн төлемдер мен аударымдарды толық бақылауға алуды көздеп отыр. Яғни досыңызға, балаңызға, жақыныңызға ақша аударсаңыз да ол ортақ базада көрініп тұруы мүмкін. Бұл қаншалықты заңды және қашан күшіне енеді?

Қалтаңдағы қаржыңнын есепте тұруы халық арасында алуан пікір туғызды. Тіпті, ақшаның әр аударымынан салық ұсталады деп түсінгендер де бар. Біз ақиқатын білмекке бұл сауалды еліміздің Бас банкиріне қойдық.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

Бұл жерде барлық төлемге салық салғалы отырған жоқпыз. Қаржы министрлігі осы төлемдерден салық төленгенін көргісі келіп отыр. Онлайн төлем артқан сайын бюджеттің түсімі де өсуі керек. Яғни, бұл көлеңкелі экономикамен күресу жолы.

Кәсіпкерлерді тексеріп, салық түсімін арттырамыз дегенді депутаттар сылтау ретінде ғана қабылдап отыр. Келер жылдан бастап шағын және орта бизнес өкілдері 3 жылға салықтан босатылатыны белгілі. Тура осы мерзімде олардың жұмысына тексеру де жүргізілмейді. Яғни, бұл азаматтардың заңды құқығына қол сұғушылық деп түсіндірді Азат Перуашев.

Ал экономистер онлайн операциялар ақылы болса халық қайтадан қолма-қол ақшаға көшеді. Жылдар бойы айтып келе жатқан цифрландыруды өз қолымызбен тоқтатамыз деп отыр.

Нақты шешім әзір қабылданбады. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бұл мәселені Қаржы министрлігі мен екінші деңгейлі банктер әлі де бірге талқылайтынын айтты.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ 


Хабарламаларға жазылу