-Ерлан Батташұлы, қайырлы кеш! Алғашқы сауал, қандай әсер алдыңыз? Бұл жолғы Жолдаудың ерекшелігі неде?
-Жалпы Елбасының әр Жолдауы тарихи Жолдау. Әр Жолдаудың ерекшелігі бар. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі - 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының алғашқы жоспары, алғашқы қадамымыз. Бұл Жолдауда нақты тапсырмалар берілді. Әсіресе, бізге ғалымдарға жақын тапсырманың бірі ол ғылыми қамтулы экономика құру. Келешекте экономиканың дамуы ғылыммен тығыз, тікелей байланысты екені басым айтылды. Өйткені, әлем өзінің тарихында үшінші индустриялық революцияға келе жатыр. Біз соған әзір болуымыз керек. Ол бәсекелестік кеңістікте ғылымы дамыған ел ғана алдыға шығатынына көзіміз жетті.
-Ғылым мен білім мемлекеттің әркез назарында. Кеше Президент біраз нәрсені қадап айтты, инновацияны дамыту, ғылыммен ұштастыру. Осы мәселе жөнінде не айтар едіңіз?
-Ғалымдарды қуантатын үлкен жаңалық - ол Елбасының жалпы ішкі өнімнің 3 пайызына ғылымға бөлінетін қаржыға жеткізу керек деді. Бұл ғылымға бөлінетін қаржы 20 есеге көбейеді.
-Бұрын-соңды мұндай қаржы бөлінбеген бе?
-Бұл бүгінге дейін 1,6 пайыз бөлініп келген болатын. Ал енді есептеп көріңіз 20 есеге көбейеді. Яғни, бұл дегеніңіз отандық ғылымда революция туғызады, сөз жоқ. Оған әзір ғалымдарымыз, талантты жастарымыз бар. Әртүрлі ғылыми орталықтарда, үлкен университеттерде отандық ғалымдардың тамаша жобалары бар.
Өкінішке қарай, бұл жобалардың индустрияға қарай бет бұруы, өнеркәсіптен орын табуы, бұл кішкене тоқтап тұр. Кінә жоқ та шығар, бізде бұрын мұндай бағытта қызмет болған жоқ. Алынған жаңа жоспарлар, жаңа жобаларды, өндіріске, өнеркәсіпке апарумен мемлекет өз мойнына алып келген болатын, міне соған жаңа үйреніп жатырмыз.
Сондықтан, біз университетте «Start-up» жобасын іске қосуды бастадық. Олай дегеніміз, жас ғалымдарға конкурс жарияладық, олардың жаңалықтарына. 15 жобаны таңдап алдық. Қаржыландыруды өз мойнымызға алдық.
Яғни, ол ғалым өзінің тапқан жаңалығының бәрін сол жерде шағын өндіріс ретінде елге көрсетеді. Содан кейін инвестор келеді ме, отандық өнеркәсіп басшылары келіп сатып алады ма, пайдалана ма, оның барлығы сол кезде шешіледі.
-Жолдауда жұртшылық тарапынан кең қолдау тапқан мәселе - әлеуметтік төлемдер. Сіз ғалымсыз, сіз үшін шәкірттің еңбегі маңызды, сондықтан, шәкіртақының өсуін сіз қалай қабылдадыңыз?
-Өте уақытылы қойылған тапсырма. Өйткені, Елбасының өзі айтқандай бұл стратегия, бұл жоспар жастар үшін жасалып жатқан стратегия. 2050-ді іске асырып сол кезде осы тапсырмаларды орындап, атқа мініп жүретіндер қазір аудиторияда отыр. Олар қазіргі жастар, студенттер. Яғни, жастарға берілетін шәкіртақыны 25 пайызға көтеру ол келешекке құйылған инвестиция. Олардың дендері сау болуы керек, ол кәсіби білікті маман болуы керек. Міне осы үш тұғырды қамтамасыз ететін болсақ, 2050-ді атқаратын азаматтарымызға сеніміміз де артады.
-Ерлан Батташұлы, студияға келгеніңізге көп рахмет. Әркез ғылымымыз дами берсін!