Әлемдегі ең қымбат мейрамхана ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең қымбат мейрамхана ашылмақ

10.06.2014
Әлемдегі ең қымбат мейрамхана ашылмақ
Мамырдың 18-де Ибица шипажайындағы демалушыларға әлемдегі ең қымбат мейрамханадан түскі ас ішу мүмкіншілігі ұсынылмақ. Бұл туралы Росбалт сайты хабарлайды.
 
Сонымен қатар, Hard Rock Hotel қонақ үйі Sublimotion жобасын іске қосуды жоспарлауда. Жобаға сәйкес, 20 тағамнан тұратын түскі асты ішу үшін бір адам 2100 доллар төлейтін болады. Мейрамхананың ас мәзірі әзірше құпия. Дегенмен, мейрамхананың бас аспазы Пако Рончеро саяхатшылардың бәрі естен кетпестей әсер алатынына уәде беріп отыр. Ескертетін жайт, кеште 12 адам ғана тамақтана алады, орын саны шектеулі.

Хабарламаларға жазылу