Мемлекет басшысы «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырды

11.05.2020
Мемлекет басшысы «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырды

Мемлекет басшысы «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырды

«Баспана кезегінде тұрғандардың мәселесін шешу үшін кредиттік тұрғын үймен қамту бойынша «5-10-20» жаңа жобасын іске қосуды тапсырамын. Бұл мақсатқа дағдарысқа қарсы қаражат аясында біз 390 миллиард теңге бөлеміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында.

Президент Үкіметке жыл соңына дейін «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ негізінде «Отбасы банкін» құруды тапсырды. Ол тұрғын үйді есепке алу, қою және бөлуді бір орталықтан жүзеге асырады.

Хабарламаларға жазылу