«Hit Qazaqstan» хит шеруінің жеңімпазы - Мұратбек Хайролданың «Астана арулары» әні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Hit Qazaqstan» хит шеруінің жеңімпазы - Мұратбек Хайролданың «Астана арулары» әні

11.04.2018

«Hit Qazaqstan» хит шеруі үздік әндерді анықтайтын жоба. Кім көп дауыс жинайды, сол жеңімпаз атанады.

Өткен аптаның үздіктер қатарында Мақсат Рахмет «Ағаларым» әнімен үздік бестікке енді. Ал Асқар Жүнісбеков «Достық сезім» әнімен 4-орынға табан тіресе, Динара Сұлтан «Оралмайды ол» әнімен үздік үштікке ілінді.

«Күнім сөнбеші» әнімен Ернар Айдар аз дауыспен екінші орынға жайғасса, көпшіліктің дауыстарын өткен аптаның жеңімпазы Мұратбек Хайролданың «Астана арулары» әніне беріп, жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, Руфат Маратұлының «Көшеде» әні, Ермек Меденов «Келмейсің сен қайтып» әні, Жазира, Ләззат Байырбековалар орындайтын «Қазақ аруы» әні, Серік Ибрагимовтың «Шіркін өмір» атты әндері үміткерлер қатарына енді. Үміткерлер сапындағы бұл әндер де осы аптаның жеңімпазы атануы мүмкін.

Хабарламаларға жазылу