356 мигрант мінген кемеге 13 күннен бері Мальта мен Италия порттарына тоқтауға рұқсат берілмей отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

356 мигрант мінген кемеге 13 күннен бері Мальта мен Италия порттарына тоқтауға рұқсат берілмей отыр

22.08.2019

Мигранттар мінген кеме тоқтайтын жер таппай, 13 күннен бері Жерорта теңізінде жүзіп жүр. Оларды Мальта мен Италия қабылдамай қойған.

356 мигранттың басым көпшілігі – африкалықтар, әсіресе, судандықтар. Босқындардың ішінде 100-ден астам бала бар. Олардың үшеуі бес жасқа да толмаған. 

Бұған дейін Италия тағы бір кемені 19 күн бойы өз портына кіргізбеген еді. Алайда, оның бортындағы 100-ге жуық адамның 15-і теңізге секіргеннен кейін ел прокуроры оларды қабылдау туралы шешім шығарды. Соңғы мәліметке қарағанда, Лампедуза аралына жеткізілген сол мигранттар Еуропа одағының бес еліне таратылады.

Арыстан РЫСБЕК

 

Хабарламаларға жазылу