Ливияда 189 мигрант құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливияда 189 мигрант құтқарылды

24.03.2023

Ливия жағалауында 189 мигрант құтқарылды. Олар суға бата жаздаған қайықтан кемеге мінгізіліп, жағалауға жеткізілді. «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымының дерегінше, бұл адамдар Зауия қаласынан шыққаннан кейін 20 сағат өткенде теңіз сақшыларының назарына іліккен. Олар – Бангладеш, Пәкістан, Мысыр, Сирия, Палестина, Эритрея тұрғындары. Айта кетсек, жыл сайын Таяу Шығыс пен Африка елдеріндегі кедейшіліктен, соғыстан, жұмыссыздықтан қашқан мыңдаған адам жақсы тұрмыс іздеп Еуропаға аттанады. Биыл сондай босқындар саны бірнеше есеге артып отыр. Мәселен, өткен жылдың алғашқы үш айында Италия жағалауына 6 мың мигрант жетсе, биыл дәл сондай кезеңде 17 мың адам Аппенин түбегіне барған екен.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу