Мигранттар Лампедуза аралына жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мигранттар Лампедуза аралына жетті

21.08.2019

Италия прокурорының бұйрығымен 100-ге жуық мигрант мінген қайырымдылық кемесі Лампедуза аралының жағалауына тоқтады. Негізінен Африка елдерінен қашқан босқындар осы күнге дейін Жерорта теңізінде 19 күн бойы жүзіп жүрді.

Сейсенбі күні кемеге прокурор Луиджи Патронаджионың өзі барып, содан кейін ол мигранттарды эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Осылайша, прокурор ішкі істер министрі Маттео Сальвинидің кемені елдің территориялық суларына кіргізбеу туралы бұйрығына қарсы шығып отыр.

Мұның алдында Италиядағы саяси дағдарыстың шешілуін күтуден шаршаған 15-ке жуық мигрант теңізге секіріп кетті. Бірақ жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, олардың барлығы дереу құтқарылған.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу