Қытайда толассыз жауған жаңбыр соңы тасқынға ұласып, Сычуань провинциясының көптеген аудандарын лай су басты. Сондықтан құтқарушылар 700-ге жуық адамды тікұшақтармен қауіпсіз жерге көшірді. Өзендер арнасынан тасығанда, талай адам судың ортасында қалды.
Жергілікті үкіметтің мәлімдеуінше, 19 қалада жауын кесірінен таудан тас төгіліп, лай көшкен. Сәрсенбі күні бұл апаттан сегіз адам қаза тауып, 26-сы жоғалып, алтауы жараланды.
Арыстан РЫСБЕК