Норвегияда жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Норвегияда жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді

09.08.2023

Норвегия үкіметі елдің бірнеше ауданындағы жүздеген адамды қауіпсіз жерге көшірді. Толассыз жауған жаңбырдан кейін таудан лай көшіп, кейбір елдімекендерді су басқан. Жауын-шашын мен дауылдан электр сымдары үзіліп, талай үй жарықсыз қалды. Бұған қоса, батпақ пен топан су жолдарды бөгеп, қоғамдық көлік қатынасын тежеп отыр.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, «Ханс» дауылынан Швеция, Дания, Финляндия да ішінара зардап шеккен. Дегенмен қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәлімет түскен жоқ. 


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу