Үндістанның оңтүстігінде дауыл соғып, жаңбыр құйды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның оңтүстігінде дауыл соғып, жаңбыр құйды

10.12.2022

Үндістанның оңтүстігіне «Мандос» циклоны соққы берді. Одан ағаштар құлап, үйлер зақымданып, тұрғындар кварталдарын су басқан. Табиғи апаттан әсіресе, жағалаудағы Тамиль-Наду және Пуду-черри штаттары көп зардап шекті. Бұл аймақтарда дауыл соғып қана қоймай, төпелеп жаңбыр жауған. Сондықтан көшелер өзенге айналып, көлік қатынасы тежелді.

Үндістан синоптиктерінің хабарлауынша, түскейдегі аудандарда жауын бүгін де құюы мүмкін. Дегенмен, әзірге құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу