Ачинск қаласындағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстың себебі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ачинск қаласындағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстың себебі анықталды

06.08.2019

Красоняр өлкесінің Ачинск ауданында әскери бөлімшенің оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстың алдын-ала себебі анықталды. Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, апатқа әкелген өртке адамдық фактор себеп болуы мүмкін. Дегенмен, оқиғаның шын себебі тергеуден кейін белгілі болады.

Дүйсенбі күні жергілікті уақытпен кешкі сағат 17:00 шамасында артиллериялық қоймадан өрт шықты. Соның салдарынан оқ-дәрі мен зымырандар жарылып, 12 адам зардап шекті. Олардың алтауы орташа халде ауруханада жатыр. Апаттан төнген қауіпке байланысты төтенше жағдай жарияланып, елді мекендерден 10 мыңға жуық адам эвакуацияланды.

Қазір қоймадағы өрт сөндірілгеніне қарамастан, тұрғындарға үйлеріне қайтуға әзірге рұқсат берілмей отыр. Дегенмен, бабын тауып, баспанасына оралып жатқандар да бар. Шарасыздың күйін кешкен жұрт қалған дүние-мүлкін сақтап қалу үшін өртті өз күштерімен сөндіруге мәжбүр.

 

Жергілікті тұрғын:

Полиция бұл жерге өрт сөндірушілерді жібермеді. Жарылыс қаупі әлі сейілмегендіктен, рұқсат берілмей отыр. Көше бойында снарядтар шашылып жатыр. Сондықтан мында қалғандар өз күшімізбен қолдан келгенді жасап жатырмыз.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу