Оңтүстік Қазақстан облысында жарылыс болып, екі адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

26.06.2014
Оңтүстік Қазақстан облысында  жарылыс болып, екі адам қаза тапты
Төтенше жағдай бүгін таңғы уақытта Арыс қаласындағы «Қазақ Жарылыс өндіріс» кәсіпорынының аумағында болған.
 
Аталған өндіріс орны жарылғыш заттарды залалсыздандырумен айналысады. Облыстық Төтенше жағдай департаментіндегілердің таратқан мәліметіне қарағанда, қайғылы жағдай ауысым кезінде болған көрінеді.
 
Жарылыстың қатты болғаны соншалық, сол жерде тұрған 1982 және 88 жылғы екі жұмысшы тілге келмей, қаза тапқан.
 
Ал, үшінші қызметкер І  дәрежелі дене күйігімен аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
 
Абырой болғанда, оқ-дәрі сақталған қоймаға залал келмепті.
 
Нұрлан Темірбаев, облыстық ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:
Қазіргі таңда жарылыстың дәл неден болғанын және келтірілген шығын көлемін аудандық Ішкі Істер бөлімінің қызметкерлері мен ТЖД тарапынан құрылған арнайы топ анықтап жатыр. Солардың анықтау нәтижесінде белгілі болады.
 
Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу