Португалияда 3000 га орманның жанып кетуіне күдікті адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Португалияда 3000 га орманның жанып кетуіне күдікті адам ұсталды

22.07.2019

Португалияда ірі орман өртіне күдікті адам тұтқындалды. Әзірге оның не себепті мұндай әрекетке барғаны белгісіз. Оқиға ел астанасы Лиссабоннан 225 шақырым жерде болды. Жексенбіде басталған өрт 3000 гектар алқапты жалмап кеткен. Соның салдарынан құтқарушыларға жақын маңдағы ауыл тұрғындарын эвакуациялауға тура келді. Апаттан 30 шақты адам зардап шекті. Олардың біреуі денесін күйік шалып, ауыр халде жатыр. Өртпен күресу үшін 1000-ға жуық маман жұмылдырылған. Жараланғандар ішінде 7 өрт сөндіруші де бар. Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу