ОҚО-да полицейге оқ атқан ер адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да полицейге оқ атқан ер адам ұсталды

13.06.2016
ОҚО-да полицейге оқ атқан ер адам ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында полицейге оқ атқан ер адам ұсталды, деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 31 мамырда Төле би ауданында Леңгір-Жаңақұш тас жолының маңында орманда мал ұрлаған күдікті полицейлерге оқ атқан. Артынша ол белгісіз бағытта бой тасалаған. 1983 жылы туған Төле би АІІБ уәкілетті өкілі аяғынан жарақат алды. Аудандық ауруханаға жеткізілген соң дәрігерлер  оның оң жамбасына бірнеше рет оқ тигенін анықтады. Ота жасалды.

Күдікті бір аптадан соң ұсталды. Ол бұдан бұрын мал ұрлағаны үшін бірнеше рет сотталған, 1968 жылы туған Шымкент тұрғыны болып шықты. Ер адам қылмысты әрекетін мойындады. Тінту барысында оның үйінен 16-шы калибрлі аңшы шолақ мылтығы тәркіленді.

Күдікті УҰИ-ға қамалды. Қылмысқа қатысқан басқа адамдардың кім екені анықталуда.

 

Хабарламаларға жазылу