Ливия астанасында соғыс құрбандарының саны 653-ке жетті. Мұндай мәліметті бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының осы елдегі өкілдігі таратты.
Триполиде әскери жанжал сәуірдің 4-де басталды. Содан бері тағы 3 жарым мыңнан астам адам жараланып, 75 мыңдай тұрғын, үйлерін тастап кеткен.
Осыдан екі ай бұрын фельдмаршал Халифа Хафтар жақтастары ел астанасын алу операциясына кірісті. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымына арқа сүйеген Ұлттық келісім үкіметінің басшысы Фаиз Сарадж Триполиді шығыстан жеткен күштен қорғауға бұйрық берді.