Украина президенті Владимир Зеленский парламентті тарататынын айтты

20.05.2019

Мұндай мәлімдемені ол өзінің инаугурациясынан кейін жасады. Ұлықтау рәсімі  Жоғарғы радада өтті. Бұрынғы комедиялық актер тамырын тереңге жайған коррупциямен күресемін, төмендеп кеткен ел тұрмысын жақсартамын деген уәдемен билікке келді. Ал, инаугурация барысында ол Донбасстағы соғысты тоқтату негізгі міндет екенін айтты.

Егер Зеленский заң шығару органын тарату туралы бұйрыққа бүгін қол қойса, Украинада мерзімінен бұрын парламенттік сайлау шілденің 14-де өтеді. Айта кетсек, жаңа президентке сайлау алдындағы уәделерін жүзеге асыру үшін Жоғарғы радада көп жақтас қажет.

Тағы бір сөзінде Зеленский министрлерді отставкаға кетуге шақырды. Алайда, Украина заңы бойынша, үкімет жаңа мемлекет басшысының сайлануына байланысты орнынан кетуге міндетті емес.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу