Владимир Зеленский Қазақстанға алғыс білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Владимир Зеленский Қазақстанға алғыс білдірді

16.04.2020
Владимир Зеленский Қазақстанға алғыс білдірді

Владимир Зеленский Қазақстанмен бірлесіп медициналық заттарды Қытайдан Украинаға жедел жеткізу, сондай-ақ украиналықтарды отанына қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға жоғары баға берді.

Қазақстан елшісі Дархан Кәлетаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды. Кездесу барысында Украина президенті Дархан Кәлетаевты елдегі дипломатиялық жұмысының басталуымен құттықтады. Владимир Зеленский коронавирус пандемиясымен күрес Қазақстанмен өзара тиімді қарым-қатынастарды жандандыру процесіне кедергі келтірмеуі тиіс екенін атап өтті. 

Украина Президенті Қазақстанмен бірлесіп жүргізілген ұйымдастыру жұмысын жоғары бағалады. 

«Қазақстан Қытайдан Украинаға медициналық бұйымдарды, сол елде қалған азаматтарымызды жедел жеткізуге көмектесті. Украин халқы мұны ешқашан ұмытпайды. Дос осындай қиын сәтте сыналады», – деді В.Зеленский.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу